«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұстаздар жетістігі

Облыс мұғалімдері “Педагогикалық идеялар панорамасы” республикалық байқауында жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Өңірдің педагогтары білім додасында қазылар алқасы назарына бейнесабақтар мен бейнедәрістер ұсынып, 12 аталым бойынша 10 жүлделі орынға ие болды. Оның 2-еуі алтын, 4-еуі күміс және 4-еуі қола медаль. “Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық” аталымы бойынша бірінші орынды ЛОРД дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Ольга Степанова алды. “Мәдениетаралық сауаттылық” аталымында №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінінің директоры Ләззат Жалмұқанова топ жарды.

Екінші орынды “Айгөлек” балабақшасы, №5 орта мектеп, бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей мен “Дарын” мектеп-лицейінің қызметкерлері иеленді. Қола жүлде “Экологиялық сауаттылық” номинациясында Загдадовка орта мектебінің мұғалімі Алена Лосьқа, “Жаратылыстану сауаттылығы” аталымында Озерный орта мектебінің педагогы Марьям Шаймерденоваға және “Азаматтық-құқықтық-сауаттылық” аталымы бойынша Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі Дархан Қоспановқа бұйырды.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp