Бүгін Оқушылар сарайында ерекше шара өтті. Облысымыздың білім беру мекемелері басшылары мен ардагер ұстаздар “Жас маман – жаңа белес” атты ток-шоуға қатысты. Мектепке келген жас маман қандай проблемаларға тап болады? Өңірімізде тәлімгерлік жұмысы жолға қойылған ба? Педагог жастар неліктен мектепте қызмет істеуге құлықсыз? Ток-шоуға қатысушылар осы сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, жас мамандарды жұмысқа тарту – білім беру саласындағы негізгі міндеттердің бірі. Өйткені, жылдан-жылға мектептегі оқушылар саны артып, көп пәндерден мұғалімдер жетіспеуде.