«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕСІ ТАРАЗЫЛАНДЫ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының негізінде “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы сертификатталған мұғалімдерге арналған “Жаңа толқын” аймақтық әдістемелік шеберханасын өткізді. Оған аудан, қала және Ақмола облысының 386 мұғалімі қатысып, тәжірибе алмасты.

Әдістемелік шеберханада 12 секция жұмыс істеп, 72 шеберлік сыныбы берілді. №23 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Гүлнар Мұқашева бағдарламаның “Ынтымақтастық ауанын қалыптастыру” идеясын тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті. №4 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Килоева мұғалімдердің сыныптардағы оқу үдерісіне өзгерістер енгізіп, жаңа инновациялық стратегияларды қалай шебер қолданып жатқандары туралы айтты. Шеберлік сыныбын берген жас мамандардың ішінен “БЭСТ” гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Әсия Калимованың “Оқушылардың сыни ойлауын дамыту” тақырыбындағы шеберлік тәжірибесі әріптестерінің жоғары бағасын алды. Мағжан Жұмабаев ауданынан келген Самал Қарабаеваның шеберлік сыныбы өзінің мазмұндылығымен және жаңашылдығымен ерекшеленді. Степногорск қаласының ағылшын тілі пәнінің маманы да өз тәжірибесімен бөлісіп, шеберхана жұмысын жандандыра түсті. Шеберлік сыныбы қатысушыларға үлкен сабақ болды.

Балғаным ОСПАНОВА,

“Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты” филиалының тренері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp