«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСТАЗДЫҢ ӨНЕГЕЛІ ҒҰМЫРЫ

Облыс орталығындағы Достық үйінде “Дуслык” та­тар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен Петропавл қаласының құрметті азаматы, ҚазКСР ағарту ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Рашида Давлеткильдееваны еске алу кеші өтті.


“Дөңгелек үстел” басына жинал­ған қауым білім саласында 30 жыл еңбек етіп, №1 орта мектептің директоры ретінде басқарушылық, ұйымдастырушылық қабілетін таныта білген жанның өмірлік ұстанымы, іскерлігі, адамгершілігі жайлы әңгімеледі. Әсіресе, аға буын өкілдері Ринат Шакиров пен Сайдаш Гайсин Рашида Газизовнаның қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны жайлы баяндады. Өңіріміздегі татар этносының өкілі “Берлек” татар-башқұрт мәдени орталығын басқарып, ана тілін сақтап, мәдениетін дамытуда аянбай еңбек етті. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі бірлігі жарасқан татар-башқұрт мәдени орталығының қалыптасуына сүбелі үлес қосты. Татар қызы ұлттық әндерін шырқағанды жақсы көріпті. Оның көзін көргендер сүйікті әндерін орындап, құрметтерін көрсетті.

Еске алу шарасына қатысқан туыстары Рашида Давлеткильдееваның отбасында қандай жан болғанын тілге тиек етті. Бүгінде оның ізін басып келе жатқан ұрпақтары да қызметін абыроймен атқарып, түрлі жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Мәселен, немере інісі Раис Давлеткильдеев Эстонияның хоккейден үздік жаттықтырушысы болып, Нарва қаласының құрметті азаматы атанды.

Зарема ГУМАРОВА,
“Дуслык” татар-башқұрт мәдени орталығының мүшесі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp