«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСТАЗЫН ҰМЫТПАҒАН СУРЕТШІ

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында жерлес суретші, мүсінші, қолданбалы өнер шебері Айдарбек Қалдыровтың “Тандем” атты жеке көрмесі болып өтті. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Қалдыровтар отбасы қазақ ұлттық бұйымдарын жасаушы – қолөнерші ретінде танымал. Ағаштан ою ойып, тұрмысқа қажетті астау, ожау, кесе, қамшы сынды ұлттық нақыштағы бұйымдардың түр-түрін жасайды. Ағайындар бұған қоса сурет өнерімен де айналысады. Көрмеге қойылған туындылардың арасынан жерлес кескіндемеші Сергей Устиновтың (1953-2011 ж.ж.) да картиналары қойылған. Ол тегін емес. Осы көрме арқылы Айдарбек Қалдыров әріптес досы әрі ұстазы, бақилық болған жергілікті суретші Сергей Устиновтың шығармашылығына осылайша тағзым етпек болған екен. Көзі тірісінде бірлесе туындыларды жасаған суретшілердің армандары да ортақ болған.

Көрмеге екі суретшінің 30-ға жуық картинасы қойылды. Сергей Устиновтың “Әңгіме”, “Замандастар”, “Сағыныш сарыны”, “Кездесу”, “Арқар белгісінде”, “Шабуыл”, “Арпалыс”, “Ер”, “Ғашықтар” және тағы басқа туындылары, Айдарбек Қалдыровтың сиясы кеппеген “Ай толғанда”, “Сауында”, “Нөсер өткенде”, “Күздегі серуен”, “Бопай”, “Таң ата” картиналары көрермен назарына ұсынылған. Көрме бір айға созылады.  

Суретті түсірген,  

 Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp