Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында Халықаралық мұғалім күнін мерекелеуге арналған облыс педагогтарының балы өтіп жатыр.
Ұстаздар қауымын мерейлі мерекелерімен облыс әкімінің атынан оның орынбасары Асқар Сақыпкереев құттықтады. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін жауаркершілігі зор істі абыроймен атқарып жүрген ардақты ұстаздарға ол бар жақсылықты, жаңа табыстар тіледі. Осыдан кейін Асқар Жоламанұлы республикалық “Үздік педагог – 2019” байқауында жеңіске жетіп, Нұр-Сұлтан қаласында құрметке бөленген азаматтарды марапаттады. Өңірімізде білім саласының дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін бірқатар мұғалімдерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.