Есіл ауданының Николаевка ауылында әйгілі ұстаз, КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі Асқар Игібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық білім басқармасының ашық кубогы өтіп, жас балуандар бақ пен баптарын сынады. Жарысқа Көкшетау қаласының балуандары да қатысты.
Жеті салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орын мен кубок петропавлдық күрес мектебінің балуандарына бұйырды. Ал екінші және үшінші орындарды Шал ақын ауданы мен Көкшетау қаласының командалары өзара бөлісті.
Облыс орталығының балуаны Арман Жетпісбаев “Ең үздік техникасы үшін” аталымында бас жүлдені еншіледі.
Жарыс соңында Асқар Игібайұлының ұлы Марат Асқарұлы осы сайысты ұйымдастыруға бір кісідей жұмыла білген жерлестеріне, боз кілемде шеберліктерін көрсеткен спортшыларға алғысын білдірді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.