«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСЫНЫС ЖОЛДАНДЫ

Аудандық жұмыспен қамту орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсетудегі әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында «Құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесіп мониторинг жүргізілді. 

Оның барысында Айыртау, Мағжан Жұмабаев, Есіл,  Жамбыл, Қызылжар, Мамлют және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың жұмыспен қамту орталықтарының мамандары мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек көрсету бойынша келушілерге толық кеңес берді. Ал Ақжар, Аққайың, Тимирязев аудандық  жұмыспен қамту орталықтарында «Құпия сатып алушылардың» бұл қызмет түрін алуы үшін артық құжаттар талап етілген. Уәлиханов аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы телефон арқылы қойылған сұраққа жауап бермей,  өтінішті келіп беру қажеттігін айтқан.

Мониторинг жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді түзету үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті тиісті аудандық жұмыспен қамту орталықтарына ұсыныс хаттар жолдады.

«Құпия сатып алушы» әдісімен  қоғамдық мониторинг жүргізу барлық әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Қоғамдық мониторингтің нәтижелері билік органдары және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысындағы кемшіліктер мен  әкімшілік кедергілерді анықтап, түзетуге мүмкіндік  береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp