Соңғы жылдары тынысы тарылып жүрген Петропавл әуежайынан екі бағыттағы ұшақтардың өзі аспанға көтерілмей жүргендігін естіген соң “Петропавл халықаралық әуежайы” АҚ президенті Виктор Шевелевке хабарластық.
– Иә, бізден Астана мен Алматы қалаларына ұшырылатын рейстер 5 қаңтардан бері тоқтап тұр. Оның себебі – тендердің кешіктірілуі. Бұл мәселе жылда қайталанып жүрсе де, оның алдын алудың реті келмей қойды. Бүгінгі таңда тендердің біз үшін сәтті өткізілгенінен құлағдармыз. Енді арнайы комиссияның шешімін күтіп отырмыз. Ал қанша рейс жасауға тапсырыс болатыны әлі белгісіз. Өткен жылы Астанаға аптасына төрт рет, Алматыға үш рет ұшақтар қатынайтын, – деді Виктор Иванович.
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.