«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰШАҚ ЖАСАЙТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Өңірімізде 2023 жылы жолаушылар тасымалымен айналысатын “БЕ-132” және төтенше жағ-дайларға арналған “БЕ-103” шағын әуе көліктері шығарылады. Атал-ған жобаны еліміздің авиация зауыты ресейлік әріптестерімен бірге жүзеге асырмақшы. Осыған орай облыстық әкімдік ғимаратында қос тарап арнайы меморандумға қол қойды.

Авиациялық зауыт Петропавл халықаралық әуежайының маңында орналасады. Осы аймақтан жобаны жүзеге асыру үшін 200 гектардай жер бөлінген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарлануда.

Жоба Ресей Федерациясындағы Г.М.Бериев атындағы авиациялық ғылыми-техникалық кешенмен бірігіп іске асырылмақ. Өткен жылы қос тарап “БЕ-132” ұшағын құрастыру бойынша меморандумға қол қойған болатын. Ал биыл мұндай келісім “БЕ-103” моделіне қатысты жасалды. Соңғысы – жаңа үлгідегі әуе көлігі. Ол – амфибиялық ұшақ. Яғни, суға да, құрғақ жерге де қону мүмкіндігіне ие. Борт бар болғаны 6 адамға шақталған. Бүгінгі күні әуе көлігіне деген сұраныс өте жоғары. Қазірдің өзінде АҚШ, Индонезия, Чили және Еуропа елдерінен тапсырыс түсіп отыр.

– Біздің серіктестік ресейлік авиация ғылыми-техникалық кешенімен әріптестік байланысты нығайтуды көздеп отыр. Біз ұшақтардың “БЕ132” және “БЕ-103” үлгісін шығаруды қолға аламыз, – деді “Қазақстан авиациялық зауыты” ЖШС-інің бас директоры Виктор Долженков.

Ойлағандары іске асса серіктестік зауыт маңайынан қызмет көрсету және сауда орталығын ашуды да жоспарлап отыр. Мамандарды даярлау ісі де уақыт еншісінде.

– Солтүстік Қазақстан облысының әлеуеті зор. Сондықтан зауытты дәл осы жерде тұрғызу – ұтымды шешім. Жалпы бұл жобаның аясында қазақстандық авиация саласына қажет мамандар да даярланатын болады, – дейді Г.М.Бериев атындағы авиация ғылыми-техникалық кешеннің ішкі экономикалық байланыс және коммерциялық қызмет бойынша директоры Михаил Гончаров.

Компания жылына 100-ге жуық әуе көлігін шығармақ.

Эльмира СӘДУАҚАСОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp