«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған “ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ – РУХАНИ ҚАЗЫНА” атты облыстық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ереже

1. «Soltústik Qazaqstan» oblys­tyq qoǵamdyq-saıası gazetі және “әл-Фараби” мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 24-ші қаңтарында Петропавл қаласында “ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ – РУХАНИ ҚАЗЫНА” атты облыстық жыр мүшәйрасы өткізіледі.

 Мүшәйраның мақсаты:
1. Ұлы ғұлама, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу.
2. Данышпанның ғылым жолына арнаған өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
3. Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
4. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дарынды жастарды ынталандыру.
Мүшәйраның талаптары мен шарттары:
1. Мүшәйраға қазақ тілінде жазып, сөйлей алатын кез келген ұлт­тың өкілі қатыса алады. Үміткер­лердің жас мөлшері 13-20 жас ара­лығында болуы керек.
2. Мүшәйраға үміткер бұрын еш жерде жарияланбаған 2 (Әбу Насыр әл-Фарабиге арнау; Рухани жаңғыру жолындағы Қазақстан туралы) өлеңін жібереді.
3. Өлеңдерді компьютерде теріп, (Microsoft Word файлды форматты түрінде, шрифт 14, жол арасы 1,5 интервал, Times New Ro­man қарпі) 2 дана етіп ұйымдастырушыларға ұсынады.
4. Жыр шумақтарына шектеу қойылмайды.
Марапаттау:
1. Бас жүлде – біреу
І орын – біреу
ІІ орын – екеу
ІІІ орын – үшеу
2. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылады.
3. Мүшәйраға қатысушылардың келіп-кету шығыны жіберуші жақ тарапынан болады.
4. Үміткерлер шығармаларын 2020 жылдың 20 қаңтарына дейін мүшәйраны ұйымдастыру комитетіне жолдауы тиіс.
Құжаттарды қабылдау:
1. Өтініші (үлгісі ұсынылады)
2. Жеке куәлігінің көшірмесі
3. 9 х 14 түрлі-түсті фотосуреті
4. Үй және ұялы телефондары
5. Шығармалары (2 дана)
Мүшәйраға қатысушылардың құжаттары төмендегі мекенжайға жіберілуі тиіс:
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Я.Гашек көше­сі, 14, “әл-Фараби” мектеп-лицейі. Байланыс телефондары: 8 (7152) 51-93-78, 8 (7152) 51-93-79. Электронды пошта: licejjalfarabi18@mail.ru (“Мүшәйраға” белгісімен).

Ұйымдастыру алқасы.    

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp