Машинасының мемлекеттік тіркеу нөмірінің астына әдепсіз сөз жазып қойған петропавлдық 20 жасар жүргізуші жауапқа тартылып отыр.
Оның үстіне Toyota маркалы көліктің техникалық жағдайы да жол қозғалысындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес емес екен. Машинаның бампері, алдыңғы бұрылыс көрсеткіші болмаған. Сөйтіп, тәртіп бұзушының үстінен екі бірдей әкімшілік хаттама толтырылған.