

Қызылжар ауданындағы Преснов ауылының кітапханасында “Әдеп сабағы немесе сыпайылық жайында әңгімелесейік” атты комильфо-шоу өтті.
Өскелең ұрпақтың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру мақсатында өткен шарада кітапханашы Сәуле Жақыпова балаларға сыпайылықтың неден тұратынын түсіндірді. Ол сондай-ақ, әдепті сөйлеу, жақсы қарым-қатынас орнатудың маңызына тоқталды. Мектеп оқушыларының бір тобы игі істер мен қайырымдылық жасаған адамдар ең сыпайы десе, екінші жартысы барлық жақсы қасиеттерді бойына жинай білген, ұнамсыз қылықтардан аулақ жандар әрқашан үлкен құрметке ие деп пікір білдірді. Жиында алғыс айтуды ұмытпау керектігі де сөз болды.
Шара соңында барлық қатысушылардың ойы мейірім адамдарды бір-бірімен жақындастыратын, жер бетін гүлдендіретін күшке ие деген пікірге тоғысты.
Кітапханада аталмыш тақырыпқа орай көрме ұйымдастырылды.