«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДІЛДІК ІЗДЕГЕНДЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов “Нұр Отан” партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың өтініштерін тыңдады. 

Жалпы, жыл басынан бері үш рет қоғамдық қабылдау өткізіп, онда 182 азамат толғандырған мәселелерін баяндаған еді. Мәселен, Петропавл қаласының екі тұрғыны сауда бутигін сатып алу жөніндегі келісімдік міндеттерді бұзған жеке кәсіпкердің үстінен шағым айта келді. Аталмыш кәсіпкер қос арызданушыдан сатып алған нысанның ақшасын бермей, бутикті өзге біреуге сатып жіберген. Берік Біләлов қылмыстық істің материалдарын сұратып алып, процессуалдық шешім шығару барысын өзінің жеке бақылауына алды. Осы жолы арыздарын айта келген 10 адамның әрқайсысына қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты көмектер көрсетілді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp