«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДІЛ СОТ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңын бекіткен соң ғана мемлекеттік билік институттарын жедел құруға кірісті. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атануы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге ұласып, сот жүйесін құруға себеп болды. Сот реформалары мемлекеттің дамуындағы негізгі мәселе ретінде қарастырылды.

Қазақстанның әлемдік құқықтық ұйымдарға қосылуы заманға сай сот ор­гандарын құру үдерісін тездетті. Құқық­тық мемлекет құру жолында жаңа фор­маттағы сот жүйесін дамыту, әлеуметтік рөлі мен жауапкершілігін күшейту стра­тегиялық мақсат ретінде белгіленді. Бас­ты мақсаттар сот жүйесінің құқықтық- ұйымдастырушылық негізін құру, судья­лардың корпусын және қаржылық қол­дауды жетілдіру, азаматтардың құқықта­ры мен бостандықтарын қорғау кепілі ретінде соттардың демократиялық қо­ғамдағы рөлін көтеру сипатымен бөлек­тенді. Осы жылдардан бастап жеке сот билігін құруға бағытталған көптеген ма­ңызды өзгерістер орын алды. «Мемле­кеттік тәуелсіздік туралы» Конституция­лық заңның 9-бабында Қазақстан Рес­публикасында мемлекеттік билік заң шығарушы, сот және атқарушы тармақ­тарына бөлініп, сот билігінің негізгі ұйымдастырушылық қызметінің құры­лысы және оны іске асыру әдістері ай­қындалды. 1995 жылы 30 тамыз күнгі бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қа­былданып, соттардың жүйесі, судьялар­дың мәртебесі, сот төрелігін іске асыру принциптері бекітілді. Президенттің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» Жарлығында судьялардың тәуелсіздігінің құқықтық және материалдық кепілдік­тері белгіленді. 2000 жылы 12 қазанда «Жаңа сот жүйесінің қызметін әкімші­лендіруді қамтамасыз ету шаралары ту­ралы» Президент Жарлығы шықты, онда соттарды материалдық-техникалық қам­тамасыз ету мәселелері Әділет ми­нистрлігінен алынып, Жоғарғы Сот жа­нындағы соттар әкімшісі комитетіне берілді. Сөйтіп соттардың тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. 2002 жылы сот жү­йесін одан әрі жетілдіруге бағытталған мемлекеттік құқықтық саясат тұжырым­дамасы қабылданып, сот жүйесін дамы­тудың, судьялардың тәуелсіздігін нығай­тудың негізгі шарттары айқындалды. Сот жүйесін одан әрі жетілдіру мақса­тында экономикалық, әкімшілік, юве­налдық (кәмелетке толмағандар істері бойынша) және басқа да арнаулы сот институтын дамыту мәселелері қарасты­рылып, азаматтық-құқықтық дауларды шешудің балама әдістері таңдалды, ара­лық соттардың қызметін заңмен реттеу, халықаралық стандарттарға сәйкестенді­ру көзделді. Мамандандырылған аудана­ралық экономикалық және әкімшілік соттар, Алматы қаласында маманданды­рылған қаржылық сот, Астана мен Алма­ты қалаларында кәмелетке толмағандар­дың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. Президент жанынан мемлекеттік басқару академия­сы құрылып, оның құрамында білікті сот кадрларын даярлайтын сот төрелігі инс­титуты пайда болды. 2007 жылғы конс­титуциялық реформа нәтижесінде Конституцияның 75-бабының 3-тарма­ғына өзгерістер енгізілді, ол мамандан­дырылған соттар қызметін белгілеу қа­жеттілігінен туындады. Маманданды­рылған соттарға әскери, қаржы, эконо­микалық, әкімшілік, кәмелетке толма­ғандардың істері бойынша және басқа да соттар кірді. Олардың қызметі азамат­тардың құқықтарын, нарық институтта­рының дамуына және республиканың инвестициялық тартымдылығының өсуіне оң әсерін тигізді. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік- процестік кодекс қолданысқа енді. Ко­дексті қабылдаудың басты мақсаты – жария-құқықтық қатынастардан туын­дайтын дауларды сотта қарау кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құ­қықтарын қорғаудың тиімді жақтарын қарастыру, әкімшілік басқару органда­рымен процесте тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік беру. Мамандандырылған ау­данарлық әкімшілік сот өз жұмысына 2021 жылдың 1 шілдесінен кірісті. Об­лыста өткен төрт жыл ішінде азаматтар шағымының 67,7 пайызы қанағаттан­дырылды.

Елімізде жаңа кассациялық соттар 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап құрыл­ды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кассациялық соттардың кадр­лық құрамы неғұрлым тәжірибелі судья­лар қатарынан жасақталуы тиіс. Касса­циялық соттарда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер қаралады. Касса­циялық сот институтының дамуы, біріншіден, сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге, екіншіден, құқықтық дауларды шешуде әділдік пен бейтарап­тықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтар­дың құқықтарын тиімді қорғауға бағыт­талған.

Үшінші билік өкілі саналатын сот са­ласы демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтау жо­лында маңызды рөл атқарады. Сондық­тан сот жүйесіне қойылатын талап ешқа­шан төмендеген емес. Бүгінгі сот жүйесі еліміздегі түбегейлі өзгерістермен тікелей байланысты реформалармен сабақтас. Реформалардың мақсаты – барлық дең­гейдегі сотты халыққа жақындатып, мықты әрі тиімді, азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарын сенімді қор­ғауға қабілетті жүйе құру. Судья сот тө­релігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Ал заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

Сот саласында еңбек ететін қызмет­керлердің функционалдық міндеттері үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі уақытта республика көлемінде 2,7 мыңнан астам судья және 6,2 мың сот қызметкері ең күрделі міндеттердің бірі – сот төрелігін жүзеге асыруға белсе­не қатысып келеді.

Кәсіби мерекенің белгіленуі – сот жүйесі қызметкерлеріне әділетті Қазақстанды құруға қосқан үлесі үшін көр­сетілген айрықша құрмет.

Бердібек МҰСТАФИН,

облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp