«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЖЕЛЕР ӘУЕЛЕТІП ӘН САЛҒАНДА…

С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрын­да «Балқадиша» вокалды-фольклорлық халық ан­самблінің «Ән – көңілдің ажары» атты ән кеші өтті. Та­лай жылдан бері өңір халқын өнерлерімен сусындатып жүрген ұжымды қолдай келгендердің қарасы қалың болып, залда ине шаншар жер қалмады.

«Балқадиша» вокалды-фольклорлық халық ансамблінің құрылға­нына биыл 23 жыл толып отыр. Ансамбль құрамында 11 адам бар.

– Біз фольклорлық халық ансамблі болғандықтан халық компо­зиторларының әндерін орындаймыз. Оның ішінде Ақан сері, Бір­жан сал, Естайдың әндері бар, сондай-ақ заманауи композиторлар­дың да шығармаларын шырқаймыз. Әнге деген құштарлықпен бір кездері басымыз қосылды, сондықтан әр репетициядан қалмаймыз, – дейді ансамбль әншісі Сәуле Тәжина.

Ансамбльді құттықтауға облыстық филармония ұжымы да арнайы келді. Өнерлі әжелер оркестрдің сүйемелдеуімен Ақан серінің «Балқа­диша», «Қараторғай» және Біржан салдың «Бурылтай» әндерін орында­ды. Екі ұжым да бұл концертке дайындықты ерте бастаған екен.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp