Жұмысшы бастығына келіп: “Шұғыл түрде менің жалақымды көтеріңіз. Әйтпесе, менің соңымнан қалмай жүрген фирмалар бар, мені таппай қалуыңыз мүмкін” – дейді. Бастығы: “Ол қандай фирмалар?” – деп сұрағанда, жұмысшы қалтасынан пәтер шығындарының түбіртектерін алып шығып: “Электр энергиясы фирмасы, газ фирмасы, су фирмасы, қоқыс шығару фирмасы, тағы басқасы” – деген екен.
* * *
Ауылда тұратын бір шал бәрін мазақтап, үнемі қалжыңдасып жүреді екен. Бір күні сол шалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ауылдағы жігіттер жиналып:
– Біз де барып қалжыңдайық. Иті өлгеніне көңіл айтып барайық, –дейді.
Жігіттер жиналып барса, шал есік алдында отыр екен.
– Ата, итіңіздің арты қайырлы болсын! – деп әрқайсысы шалды құшақтап көңіл айтыпты. Сонда шал:– Әй, кемпір, шай қой, Ақтөстің достары келді, – деген екен.