«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ӘЗІЛҚОЙ” ҚАР ТАЗАЛАП ЖҮР

Петропавл қаласының 1987 жылы туған тұрғы­ны пробация қызметін хабардар етпестен қаладан және кешкі сағат 19.00-ден таңғы сағат 8.00-ге дейін үйінен ұзап кете алмайды. Бұдан бөлек, оған қар тазалап, көшелерді сыпыруына тура келеді. Мұндай жазаға тартылуына көпқабатты үйлердің біріне бомба қойылды деген орынсыз “қалжыңы” себеп болып отыр. 
 

Төтенше жағдай өткен жылдың 28 қазанында орын алған. Соның салдарынан үйдің 100-ден аса тұрғынын эвакуациялауға тура келген, оның үштен бірі бала. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, құтқарушылар, дәрігерлер жұмыс істеген. Сапёрлер мен қызметтік-іздестіру иттерімен келген кинологтар мұқият тексеріс жүргізген, алайда, жарылғыш зат табылмады. Жедел уәкілдер қоңырау шалған масаң күйдегі петропавлдықты ұстады. Аталған факті Қылмыстық ко­декстің “Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған ха­барлау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тек­серудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүр­гізгеннен кейін полицейлер істі сотқа тапсырды. 17 қаң­т­арда сотталушы айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тарту жазасына кесілді. Ақ­панда үкім заңды күшіне енді.
– Облыс тұрғындарына тер­роризм актiсi туралы жалған хабарлама үшін жауапкершіліктің қатаң екені туралы айтқым келеді, – дейді облыстық экстре­мизм­ге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция майоры Руслан Мұхамбетжанов. – Қолда-ныстағы заңнама санкциясы айыппұл немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. 
2018 жылы облыс полицейлері жалған терроризм туралы он хабарлама қабылдаған, 2019 жылы үш фак­ті тіркелген. Осындай қылмыстардың саны едә­уір азаюына қарамастан, полицейлер солтүстік­қа­зақстандықтарға құқық қорғау органдарында мұндай әрекетке әуес “әзілқойларды” лезде анықтайтын техника­ның барын ескертеді.
 
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp