«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛДЕРГЕ ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАМАҒАН ЖӨН

Мамырдың 20-сы мен 22-сі аралығында облыс бойынша “Зорлықсыз үй” атты акция ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараның мақсаты – әйел адамдарға ерлер жағынан көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Екі күндік шара барысында тәртіп сақшылары тұрмысы төмен 716 отбасын аралап, құқықтық кеңес беріп, зорлық-зомбылыққа жол бермеудің маңызын түсіндірді. Полиция қызметкерлерінің айтуларына қарағанда, көбіне осындай отбасыларда жанжал жиі орын алады. Сондықтан да акция барысында ұйымдастырушылар нәзік жандардың құқығы және оларға ер адамдар жағынан қандай да бір күш көрсетілген кезде қайда барып, кімге шағымдану керектігі жайында толық ақпарат берді.

Шара барысында есепте тұрған 867 азамат тексерілді. Бұл азаматтар отбасында жиі жанжал шығарады екен. Олардың 114-іне қатысты ұйғарым жазылып, ал 37-сінің тәртібіне байланысты белгілі бір талаптар қойылды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp