«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНА «САЯХАТ»

Облыс мектептерінің қаржыға жауапты мамандары сыбайлас жемқорлықтың сал­дарын көзбен көрді. Петропавл қаласын­дағы №50 әйелдерді түзету мекемесінде ерекше форматтағы профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды. Оған облыс­тың жалпы білім беретін мектептерінің ди­ректорлары мен есепшілері қатысты.

Экскурсия барысында қатысушыларға мекеме ішіндегі тәртіп, сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары көрсетіліп, нақ­ты сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құ­қық бұзушылықтарының салдары кеңінен түсіндірілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама білім беру саласында алдын алу шараларын күшейтіп, бюджет қаражатын басқаруға жауапты адамдар арасында заң талаптарын сақтау мен жеке жауап­кершіліктің маңыздылығын терең ұғынды­руға бағытталған. Іс-шараға қатысушылар экскурсиядан ерекше әсер алды. Бір ғана қателік, заңға қайшы әрекет бүкіл өмірге әсер етуі мүмкін екенін көзбен көріп, қыз­меттік міндетті адал атқарудың маңызды­лығын ұғынды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp