«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛДЕР ІСКЕ ҚҰЛШЫНАДЫ

Петропавл қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында әйелдерге арналған шеберлік сыныбы өтті.

Бұл – “Даму” қоры ұйымдастырып жүрген дәстүрлі шара. Дәріс алу сабағына жиналғандардың бес-алтауы өз ісін дөңгелетіп жүргендер болса, қалғандары – бизнестің тізгінін ұстаудан үмітті нәзік жандар. Қайсысы болмасын өз бастамасын бір күндік немесе шығынды етпес үшін істі ұйымдастыруда біліктілік пен білімділіктің қажет екенін жақсы түсінеді. Сондықтан аталмыш қаржы институтының маркетинг және бизнес-жоспар жүргізу жөніндегі кеңесшісі Ирина Васильева мен бизнестің заң аспектілері жөніндегі маманы Гүлнар Құсайынова жиналған қауымға тақырыптық сабақтар өткізді.

Шеберлік сыныбы спикерлері бизнеске ден қойған адамдар білуге тиіс мәселелерді кеңінен тарқатып, сабаққа қатысушылардың белсенділігін арттыру арқылы олардың тақырыптарға терең бойлауына аса мән берді. Сөйтіп, бизнестің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері, келісімшарт жасаудағы сауаттылық, қаржылық жағдайына жедел сараптама жасай білу, сондай-ақ, кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау бағдарламалары жайында әңгіме қозғалды. Жиналғандар бұл жолы да кәсіпкерлікке құлшыныс танытқан әйелдерге қолдаудың бар екенін ұқты.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp