Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында әйелдер күштерінің альянсы және іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен “Қоғам дамуындағы және рухани жаңғырудағы әйелдердің рөлі” деген тақырыпта өткен “дөңгелек үстелге” жергілікті діни конфессиялардың, ішкі саясат басқармасының өкілдері мен жастар қатысып, әйелдердің отбасы, ошақ қасынан шығып, іргелі істерге араласуы, құқықтық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы жайын талқылады.
Облыстық әйелдер күштері альянсының төрайымы Бақытжан Сәмиева, “Қызылжар” орталық мешітінің наиб-имамы Тойбазар Айтуған және тағы басқалар қыз-келіншектерге құрмет көрсету және гендерлік саясатты жүзеге асырудың басты бағыттарына тоқталып, жастар үшін үлгі болатын тағылымды әңгімелер айтты.
Ринат ШАМСУДДИНОВ,
“Қоғамдық келісім” КММ баспасөз бөлімінің меңгерушісі.