«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛДІ СЫЙЛА ӘРҚАШАН

Жыл сайын елімізде “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясы аясында қараша айының 25-інен 10-шы желтоқсанына дейін түрлi iс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл ретте өңірімізде де бұл шараның өтуіне бейжай қарамайтындардың қарасы қалың болды. Осы орайда, Петропавлдағы “Рахмет” сауда үйінде бірқатар жас өрен ән салып, би билеп, флешмобқа қатысты. Жергілікті полицейлер мен “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігі өткізген бұл шараның мақсаты тұрғындарды әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға шақыру болды.

Үстіміздегі жылдың басынан бері Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері 790 әйелді қорғап, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста туындаған құқыққа қайшы әрекеттерге байланысты 678 әкімшілік хаттама толтырған.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің

аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp