«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘКЕЛІК ПАРЫЗЫМДЫ ОРЫНДАУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Мен 25 жасымда зағиптар қатарына қосылып, мүгедек атандым. Әлбетте, айналаң қара түнекке айналған кезде өмір сүруге деген қызығушылығың төмендейтіні рас. Алайда, дүниеге келген балаларым – менің тіршілігімнің сәулесі. Ал кез келген ата-ана балаларының болашағын, отбасының материалдық ахуалын ойлауға міндетті. Әкелік парыз мені де жігерлендіре түсті.

Бірер жыл отбасыммен бірге 30 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерде тұрдық. Ұлым туған жылы қалалық әкімдікке пәтерді кеңейту туралы өтінішімді апарған кезде ол жердегі үлкен кезектен жақын арада арманымның орындалатынына күмәнді едім. Ал екінші деңгейдегі банктің ипотекалық несиесін пайдалануды ойлап, мамандармен кездесіп, есептеткенде ондай жолмен пәтердің құны 15-20 жылға бөлінген кезде екі-үш есеге артып кететінін естігенде, еңсем тіпті түсті.  

Бірде Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінде істейтін бір қызметкермен аяқастынан таныстым. Соның кеңесімен банктің осындағы филиалының кеңсесіне барып, олар мені ақпараттандырған кезде қызмет көрсету көрсеткіштері көңіліме жақты. Сол күні келісім жасап, жарналық төлемдерімді тоқтатпауға бекініп, үш жарым жыл осы мақсаттың орындалуына күш жұмсадым. Салымшылық мерзімім толған кезде “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы туралы білдік. Осы кезде менің қала әкімдігіндегі үй алу кезегім жойылып кетсе де, аталмыш бағдарлама бойынша қатысуға құқығым бар болып шықты. Нәтижесінде жаңа үйден үш бөлмелі пәтер алдық. Біздің отбасымыздың Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне айтар алғысы шексіз.

Марлан САРЫМСАҚОВ.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp