
Петропавл полициясына қала тұрғыны М. Әуезов көшесіндегі үйінің подъезінен құны 45 мың теңге «Stern Vega» велосипеді ұрланғанын айтып жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Петропавл қалалық полиция басқармасы екінші полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның екі күн бұрын жасалған пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Тапа-тал түсте «Береке» шағын ауданындағы үйлердің бірінің пәтерінің кіреберісінен ұялы телефон ұрланған. Абырой болғанда, үйдің подъезі бейнебақылаумен жабдықталған екен. Соның көмегімен күдіктіні анықтаудың сәті түсті. Ұрланған мүлік іздестірілуде. Барлық материалдар темір жол вокзалы аумағынан мыс сымдарды ұрлаған күдіктіні іздестірген Петропавл қалалық желілік полиция бөліміне тапсырылады.
«Екі жағдайда да қаскөй қараусыз қалған мүлікті олжалаған. Велосипед есігі құлыпталмайтын, домофоны жоқ подъезде тұрған. Құны 50 мың теңге тұратын «Redmi Xiaomi» телефоны ұрланған пәтердің есігі құлыпталмаған болып шықты. Иелері үйлерінде болған, бірақ қылмыскердің қалай кіріп, ұрлық жасағанын байқамай қалған. Қорғаныс құралдары пайдаланылмайтын, бейтаныс адамдарға назар аудармайтын жерлерде осындай жағдайлар орын алуы мүмкін», – дейді екінші полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Руслан Сыздықов.
Ұрлықтың алдын алудың ең тиімді тәсілі – сақтық шараларын күшейту. Жыл басынан бері Петропавлда 249 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның 233-інің беті ашылды.