Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.
Былтыр ведомствоның тікелей араласуымен жер қатынастары, құжаттау, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру, жылжымайтын мүлік сияқты салаларда 12 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Биыл Астана қаласының бір тұрғыны сәулет-қала құрылысы басқармасының сәулет-жоспарлау тапсырмасын алудан екі рет бас тартуына байланысты департаментке жүгінді. Шағымды қарау нәтижелері бойынша бірінші жағдайда негізсіз бас тарту фактісі орын алса, екіншісінде жобаланатын объектінің дұрыс көрсетілмегені анықталды. Осылайша қызмет алу кезінде бюрократиялық кедергіге кезіккен.
Бұдан бөлек, бөлім қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушымен бас тарту туралы алдын ала шешім бойынша тыңдау рәсімін өткізбеген, оның соңы өтініш берушінің заңды құқықтарының бұзылуына әкеліп соққан.
Жол берілген олқылықтар үшін Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызмет алушы сәулет-жоспарлау тапсырмасының орындалуына қол жеткізді. Сөйтіп, заңды мүдделер мен бұзылған құқықтар толық қалпына келтірілді. Тұрғын үй салуға қажетті құжаттар толықтырылды.
Ержан ҚАРЫМСАҚОВ,
облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы.