Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің мамандары Тимирязев ауылдық округі әкімінің пара алғанын анықтады.
Ол Тимирязев ауданының орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің әкімшілік ғимаратын бұзуға тосқауыл болмауы үшін К. есімді азаматтан 100 мың теңге пара алды деген күдікке іліккен. Олар о баста 200 мың теңгеге келіскен көрінеді.
Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктінің қаншалықты айыпты екендігі туралы соңғы шешімді сот шығарады.