Жыл сайын футбол маусымы тамамдалғанда Еуропа елдерінің чемпионаттарында ең мерген, көп доп соққан ойыншыларға берілетін жүлдені “Алтын бутса” деп атайды.
Биыл бұл жүлдені екі бірдей футболшы алды. Олар әрқайсысы 31 доп соққан Криштиану Роналду (“Реал” Мадрид) мен Луис Суарес (“Ливерпуль” Англия).
“Барселонаның” (Испания) шабуылшысы Лионель Месси екінші орында қалып қойды (28 доп).