Францияда “Гран при Париж” халықаралық жарысы мәресіне жетіп, оған қатысқан қазақстандық грек-рим күресшілері төрт медальға қол жеткізді.
Боз кілемде 71 кг. салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Асхат Жаңбыров пен 59 кг. салмақта жарысқа түскен Мейірбек Дөненбеков күміс медаль тағынды. Ал Ибрагим Магомадов (71 кг.) және Нұрлан Әлжанов қола жүлдені қанағат тұтты.