«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМНІҢ АЛТЫ ТІЛІНДЕ ШЫҚТЫ

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының алғашқы кітабы басылып шықты. 

«12 сәуірде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының басталғанына екі жыл толды. Осы екі жыл ішінде Елбасы нақтылаған 6 жоба бойынша қыруар жұмыс атқарылды. Басты мақсат — қазақ мәдениетін шетелге таныстыру.  Ұлттық мәдениетіміздің бар жетістігін әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосудың алғашқы қадамы әдебиеттен басталып отыр. Қазақ әдебиетінің ең озық туындыларын БҰҰ 6 тілінде сөйлетуге өріс ашылды. Қазақ ақын-жазушыларының 2 томдық антологиясы ағылшын, орыс, араб, испан, француз, қытай тілдеріне аударылды», — деді «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева

Антологияның ағылшын тіліндегі нұсқасын Ұлыбританияның Кембридж университетінің баспасы әзірледі. Испан тіліндегі нұқасын шығаруды осы елдің мәдениет министрлігі қолдады. Әйгілі Сервантес институты кеңесші ретінде тартылып отыр. Ал 40 жылдық тарихы бар «Визор» баспа үйі антологияны басып, Испанияның өзінде және Латын Америкасында испан тілінде сөйлейтін 20 шақты елге таратады. Францияда Париж қаласының мэриясының нұсқауымен Францияның ұлттық кітап орталығы және Париждегі баспа үйі аударма жұмысын ұйымдастырып, Қазақ әдебиетінің антологиясын Франция, Швейцария, Бельгия және француз тілінде сөйлейтін тағы 30 шақты елге таратады. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті орыс тіліндегі нұсқаны әзірлесе, Қытай Халық Республикасының Ұлттар баспасы екі жинақтың қытай тіліндегі нұсқаларын даярлайды. Ал араб тіліндегі нұсқаны даярлау міндетін Мысыр Араб Республикасының мәдениет және білім орталығы өз мойнына алып отыр.

www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp