«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ

“Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған кезекті жиын Достық үйінде өтті. “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара барысында қатысушылар ұлы ғұламаның өмірі мен қызметі жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.

 
Отырардың әлемге әйгілі кітапханасы Әл-Фарабидің ілім-білімге деген ынтасын арттырды. Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым, астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғаттану, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия ғылымдарын меңгеріп, 200-ге жуық трактаттар жазған. Өкінішке қарай, осынау ұшан-теңіз рухани туындылардың көбісі жоғалып, біздің заманымызға тек 40 шақты еңбегі ғана жеткен. 
Шара барысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері Руслан Ақтамаров пен Сергей Гераськин, №19 орта мектептің оқушысы Нұрбақыт Ақыл данышпан ғұламаның образын сомдап, жиналғандардың назарына қойылым ұсынды. Аға буын өкілдері өскелең ұрпақтың осындай тағылымды шараларда бой көрсетіп, белсенділік танытқанына ризашылығын білдірді. 
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp