
Ресейдің «Матч ТВ» арнасы әлемдегі барлық бокс басылымдарының р4р рейтингтерін саралай келе, ең үздік кәсіпқой боксшыларды анықтап, рейтингін жариялады.
Үздіктер тізімінде Украинаның мақтанышы Василий Ломаченко көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарды америкалық Теренс Кроуфорд пен мексикалық Сауль Альварес иеленді. Төртінші және бесінші сатыларға украиналық Александр Усик пен отандасымыз Геннадий Головкин жайғасты. Сондай-ақ, «ТОП-10» боксшының қатарына Эрол Спенс (АҚШ), Срисакет Сор Рунгвисай (Таиланд), Майки Гарсия (АҚШ), Наоя Иноуэ (Жапония) және Мэнни Пакьяо (Филиппин) сынды саңлақтар енді.