«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Петропавлдық тай боксшылары Атырау қаласында өткен ел біріншілігінен оралды. Жарысқа еліміздің 12 өңірінен 120-дан астам спортшы қатысқан.

Доданың қорытындысы бойынша жерлестеріміздің қоржыны екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен толықты. Тай боксынан облыс құрамасының бас бапкері Иван Ван-Хон-Тунның айтуынша, ел біріншілігінде жеңімпаз атанған спортшыларымыз мамыр айында Швецияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Солтүстікқазақстандық спортшылар жаһандық жарысқа аттанбас бұрын сәуір айының соңында Қытайда өтетін халықаралық додада бақтарын сынамақ.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp