«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖҮЛДЕ

Парабиатлоннан Германияда өткен әлем кубогы кезеңінде жерлесіміз Ербол Хамитов табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына екі жүлде салды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желі арқылы спортшыны айтулы жетістігімен құттықтады.

«Ербол LW 12 санаты бо­йынша 7,5 шақырымдық қа­шықтықта қола медаль, сон­дай-ақ 0,9 шақырымдық спринтте күміс жүлде жеңіп алып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл нәтижелер XIV Қысқы Паралимпиада ойында­рына дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады. Алда Ерболды Польшада өтетін әлем кубогының тағы екі кезеңі күтіп тұр. Сәттілік тілеймін!» – деп жазды өңір басшысы.

Германиядағы әлем кубогы­на өңірімізден басқа да спорт­шылар қатысты. LW12 сана­тында Сергей Усольцев 11-орынға, Юрий Березин 13-орынға тұрақтады. Ал LW6 санатында Александр Герлиц мәреге төртінші болып келді.

Парабиатлоннан әлем кубо­гына 17 елден 70 спортшы қа­тысты.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp