«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМ КУБОГЫ БІЗДІҢ – КИКБОКСШЫҒА БҰЙЫРДЫ

Жерлесіміз Нұрсұлтан Жақыпов Венгрияда өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Нұрсұлтан Жақыпов спортпен алты жасынан шұғылданып келеді. Ол Әділ Нұржауыповтың жетекшілігімен Петропавлда үшінші жыл қатарынан жаттығуда. Ал спортпен айналысуды Мағжан Жұмабаев ауданында жаттықтырушы Виктор Славныйдың жетекшілігімен бастаған болатын.

Сайысқа 36 елден 450 спортшы қатысты. 81 килограмм салмақ дәрежесінде қарсыластарын қапы қалдырған жерлесіміз 4 жекпе-жек өткізді. Ресей, Австрия елінің спортшыларымен күш сынасқан Нұрсұлтан Жақыпов ақтық кездесуді қарағандылық спортшы Михаил Татьковпен өткіземін деп ойламаса керек. Бұл кездесу де тартысты өтті. Әлем додаға жан-жақты дайындықпен келген Нұрсұлтан айласын асыра біліп, тұғырдың ең биік баспалдағына көтерілді Әлем кубогынан үміткер екі қазақстандықтың шаршы алаңда өнер көрсетуі еліміздегі спорттың дамуының бір көрінісі болса керек, дейді жаттықтырушылар. Бұл додада еліміздің намысын 33 спортшы қорғаған екен. Оның 10-ны алтын, өзгелері күміс пен қола медальдерге ие болды.

  (Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp