«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМ КУБОГЫ — ҚАРШАДАЙ ҚЫЗЫМЫЗДЫҢ ҚОЛЫНДА

Солтүстікқазақстандық спортшы Дарья Назарова таэквондодан әлем кубогының иесі атанды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Дарья Степина хабарлағандай, Минск қаласында өткен әлем кубогы үшін сайысқа 1600 спортшы қатысыпты.

Додада бағын сынаған таэквондошылардың жасы 7 жас және одан жоғары. Ресей мен Украинадан ат терлетіп келген құрамалардың қарасы көп болған: әр елден 300-ге жуық адам. Ал аталмыш сайыста Қазақстанның намысын 60 спортшыдан құралған құрама команда қорғады.  

“Даша Назарова 9-10 жас аралығындағы топта өнер көрсетті. Жерлесіміз жекелей тулда алтыннан алқа тағынса, спаррингте күміс медаль еншіледі”, – деді Дарья Степина.

Спортшының бапкері Владимир Хванның сөзіне қарағанда, бұл Дашаның алғашқы жеңісі емес. Таэквондошы үстіміздегі жылдың қазан айында өткен “Сібір кубогының” абсолютті жеңімпазы атанса, қарашада Семейде өткен халықаралық турнирде алтын мен күміс медаль олжалаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp