Облыс әкімі Ерік Сұлтанов кәсiпқой бокстан WBA (Super) мен IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанған Жанат Жақияновқа 3 бөлмелі пәтер мен қаржылай сыйақы табыстады.
«Әлемдiк спорт аренасында елiмiздiң беделiн арттыруда Жанат үлкен үлес қосты, Жанаттың көрсеткен жетiстiктерi өсiп келе жатқан жеткiншектер үшiн айқын үлгі болып отыр», — деді облыс әкімі.
Өз кезегiнде спортшы облыс әкiмiне алғысын айтып, 11 ақпан күнi Толедо қаласында Роуши Уорренмен жекпе-жекте киген қолғабын тарту етті.