«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында әрдайым қоғамдық-саяси өмірдің аса маңызды жайлары ескеріліп, бүгінгі таңдағы тез өзгермелі ақиқатты есепке алатын елдің негізгі даму бағыты айқындалады.

Президент тек мықты мемлекеттер, ұйымшыл халықтар ғана күрделі кезеңнен өте алатынын атап өтті. Сондықтан әрбір қазақстандық бірлік пен ұлтаралық қатынасты нығайтудың маңыздылығын жете түсініп, осы мақсаттағы іс-шаралардың бәрін жасаулары қажет. Осыған орай әрбір еңбек ұжымында “Нұрлы Жолдың” мақсаттарын білікті де ұғынықты етіп түсіндіру керек. Әрбір азамат өзінің еңбек орнында жауапты жұмыс атқарып, оны мемлекеттің жоспарларымен, Қазақстанның барша қоғамдық шаралы істерімен теңдестіріп отырғаны да абзал.

Біздің төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері Президент Жолдауын талқылаған кезде осындай ой басым болды. Департамент басшысының орынбасары, полковник Әсет Ысмағұлов өз баяндамасында аталған бағдарламалық құжаттың негізгі қағидаларын түсіндіре келіп, оның қазақстандық қоғамның ұзақмерзімдік дамуындағы “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асырудағы тарихи мәні мен рөліне тоқталды.

– Департаменттің басшылық құрамы өз қызметкерлеріне Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс атқаруы, сонымен бірге аудандарға шығып, Президент қойған тапсырмалардың орындалу барысы бойынша тұрғындармен кездесулер өткізіп отыруы керек, – деді Әсет Шалбайұлы.

Одан кейін сөз кезегі департамент басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына, жас мамандарға беріліп, олар Жолдауды орындауға барлық күш-қайраттарын жұмсайтындарын айтты. Әсіресе, құжаттамалық қамтамасыз ету тобының өкілі Әсия Баталованың сөйлеген сөзі ерекше есте қаларлықтай болды. Ол Елбасының адамдарға деген қамқорлығы мен олардың әл-ауқатын жақсартуға айрықша назар аударып отырғанын баса айтты. “Білім беру, балабақшалар мен баспаналар салу, жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты келелі мәселелерді көтеріп жатқан Елбасының экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, ұзақмерзімдік әлеуметтік бағдарламаларды алға тартуы – біздің және балаларымыздың жемісті болашағының кепілі”, – деген Әсия Қалелқызының сөзін департамент қызметкерлері қызу қолдады.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp