«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

Петропавл қаласындағы «Еуразиялық» базарында азық-түлік өнімдерін үстеме бағасыз сататын әлеуметтік дүкен өз жұмысын бастады.

Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық кәсіпкерлік және туризм бөлімінен әлеуметтік жоба бойынша ұсыныс келіп түсті. Орынды базардың өзі ұйымдастырды. Бұл дүкенді ары қарай дамытып, бөлшек саудадағы тауарлардың бағасын төмендетеміз. Әдетте сатушылар 10-15 пайыз қосса, біз үстеме бағасыз сатамыз, – деді базар директоры Денис Мартынюк.

Қазірше сауда орындарында жарма, өсімдік майы, тұз және қант сатылуда. Денис Мартынюктың айтуынша, қарақұмықты тұрақтандыру қорынан сатып алуда, енді макарондарды алып келу жоспарларында бар. Қазір сатылым бағаларын зерттеп, Петропавлдағы ең төменгі бағадағы өнімдерді қарастыруда. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар тұрғындар алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғарылату мақсатында ұсынымдар жасауда. Солардың бірі базарлардағы әлеуметтік дүкендерді құру болып табылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp