Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында алматылық әлеуметтік кәсіпкер Жанат Бейсеуов «QAMQOR» жедел қызмет көрсету және әлеуметтік-атаулы қолдау жүйесінің жобасымен таныстырды.
Балаларды, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға, қарттарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, созылмалы дертке шалдыққандарды қолдауға бағытталған жоба 2015 жылы қолға алыныпты. Әзірге еліміздің бірқатар өңірлерінде тәжірибе жүзінде іске асырылып, тиімділігін көрсеткен. Бір түсінгеніміз, аталған топқа жататындар 51 мың теңгеге SOS батырмасы бар сағат не мобильді құрылғы сатып алады. Осы бағаның ішіне бір жылға қызмет көрсету құны да кіреді. Егер қарияға дәрігердің, полицияның және төтенше жағдай қызметінің көмегі керек болса, SOS батырмасын басады. «QAMQOR»-дың операторлары құрылғылардағы GPS-трекер арқылы адамның қай жерде отырғанын және оның денсаулығы жайлы мәліметті жедел көмек қызметтеріне хабарлайды.