«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ

Облыстық қоғамдық кеңесте “Демеу” жеке коммерциялық емес мекемесінің жыл ішінде азаматтарға көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейіне әлеуметтік зерттеуінің нәтижесі қаралды.

Қоғамдық кеңес мүшелеріне мемлекеттік қызметтердің сапасы, қолжетімділігі, қызмет көрсету тілі, қызметкерлердің әдептілігі, азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарт пен регламенттері туралы хабардар болуы және басқа да мәселелер бойынша ақпарат берілді.

Сауалнамаға мемлекеттің қоғамдық маңызы бар көрсетілетін 25 мемлекеттік қызметтің сапасы бойынша екі мыңнан астам қызмет алушы қатысты.

Нәтижесі бойынша бірінші орынды Есіл ауданы, екінші орынды Петропавл қаласы, үшінші орынды Қызылжар ауданы иеленді. Қызмет нәтижесіне қанағаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай мемлекеттік кірістер, әділет, полиция департаменттерінің жұмыстарында анықталды. Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар бірауыздан қабылданды.

 “Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp