«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРГЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ САЛЫНА МА?

Еліміздегі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалған. Осы әлеуметтік төлемдерге салық салына ма? Жұртшылықтың көкейіндегі бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары жауап берді.

“Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексін қолданысқа енгізу туралы” 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI ҚРЗ Заңының 33-бабына, Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдері алынып тасталады.
Демек, әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетіндіктен жеке тұлғаның кiрiсiнен алынып тасталады. Сәйкесінше, аталмыш әлеуметтік төлемдерге жеке табыс салығы салынбайды.

 

Сурет https://turantimes.kz/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp