«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ДЕ СҰРАУЫ БАР

Мемлекет басшысының биылғы жылғы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауында айтылған әлеуметтік саланы дамыту бағытындағы тың бастамаларды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары “дөңгелек үстел” басында талқылады.

Жыл басынан бері әлеуметтік қолдау бағытында бюджет қаржысынан атаулы әлеуметтік көмек түріне, 18 жасқа дейінгі балалары бар тұрмысы төмен отбасыларға, тұрғын үй және әлеуметтік көмек мақсатында мемлекет қолдауына мұқтаж басқа да санаттар бойынша азаматтарға 605 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. “Біздің елімізде мұқтаждар мемлекет назарында, сондықтан әлеуметтік әділеттіліктің бұрмаланбауы үшін әрбір әлеуметтік төлемнің сұрауы бар екенін Елбасы қатаң ескертті. Сондықтан жұмысымыздың жүгі бүгінгіден де ауырлай түсетін болады”, – деді басқарма басшысының орынбасары Ринат Елжасов.

“Дөңгелек үстел” басында сөз алған Петропавл қалалық психоневрологиялық интернат директоры Руслан Камалиев те еліміздегі экономикалық қиындықтарға қарамай, еңбекақының өсуі тұрғындарды қуантқанын, алдағы күндерге сенім ұялатқанын жеткізді. Басқалар да Жолдау қазақстандықтарды ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтарды дамытуға, әлеуметтік-экономикалық қиындықтарды еңсеруге жұмылдыратынын айтты.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp