«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары  Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Петропавл қаласы және аудан әкімдерімен, жергілікті  кәсіпорындардың, бизнес құрылымдарының, кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен кездесті. “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында өткен жиында вице-премьер Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Гүлшара Наушақызы ның айтуынша, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытып, өңірдің әлеуметтік аз қамтылған жұмыскерлеріне қолдау көрсету қажет. Олардың еңбекақысын өсіріп, уақытында төлеу маңызды. Бұл орайда, өңірдің 3 ірі кәсіпорны жұмыскерлеріне еңбекақы қарыз.

Бұдан соң облыс әкімі Құмар Ақсақалов вице-премьерьге салада атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Өңір кәсіпорындарында жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасында еңбек қатынастарын реттеу мақсатында ұжымдық келісімшарттар жасалып бітуге жақын. Сондай-ақ, жиында  кәсіпорындар басшылары баяндама жасады. Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp