«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛИЕВ ЕКІ ОЙЛЫ

Әли Әлиев – отандық футболда өзіндік із қалдырған ойыншы әрі бапкер. Биыл білікті маманның жетекшілігімен “Қызылжар” футбол клубы Бірінші лигада топ жарып, бір жылдық үзілістен кейін Премьер лигаға қайта оралды. Дегенмен, соңғы уақытта ғаламторда Әли Әлиевтің бапкерліктен кететіні туралы ақпарат тарауда.

Себебін білмек ниетпен Әли Әлиевпен хабарластық. Демалыста жүрген бапкердің клубпен келісімшарты 1 желтоқсанда аяқталған екен.
– Әзірге ештеңе анық емес. Қаңтар айында облыс басшылығымен кездесіп, клубтың бюджетін, алдағы жоспарларын талқылайтын боламыз. Қаржы мәселесі оң шешімін табады деп ойлаймын. Өйткені, тапсырманы орындап, Премьер лигаға қайта оралдық. Маусым өте қиын болды. Дегенмен, футболшылар бір үйдің баласындай жұмылып, жеңіс үшін барын салды. Жанкүйерлерді толғандырған сауалдарға алдағы жылдың басында жауап беріледі, – деді Әли Ханалиевич.
Www.prosports.kz және www.kazfootball.kz порталдарында маман қарағандылық “Шахтер” командасына бапкерлікке ауысты деген ақпарат жарияланды. Әли Әлиев бұл ақпараттың да нақты емес екенін жеткізді. 2017 жылы команданы тоғыз жыл үзілістен кейін Премьер лигаға алып шыққан Владимир Фомичевпен де келісімшарт тоқтатылған болатын. Бірақ оның орнына келгендер түк тындыра алмаған. Енді жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған Әли Әлиев осындай жайға тап болып отыр. Клуб басшылары дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамыз.


Қанат АТАМАНОВ, 

“Soltústik Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp