«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛІ АЛТЫНШЫ ОРЫНДА

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті «QULAGER» командасы кезекті ойынын сырт алаңда рудныйлық «GORNÁK»-пен өткізді.

Рудный қаласында өткен кездесудің алғашқы ойыны айдын иелерінің пайдасына шешілді. Жерлес команда сапынан қарсылас қақпасына тек Станислав Логинов пен Федор Хорошев қана шайба сала алды. Ал рудныйлықтардың арасынан үш хоккейші мергендік танытты. Ал келесі күні өткен қарымта кездесуде 4:3 есебімен қызылжарлықтар жеңіске жетті. Бұл жолы Алексей Данилов, Родион Жарких, Денис Стасюк және Федор Хорошев сияқты хоккейшілеріміз нысананы дәл көздеп, жанкүйерлерін қуантты.

Қоржынында 97 ұпайы бар қызылжарлықтар турнир кестесіндегі алтыншы орнынан әлі тапжылмай келеді. Бүгін кешке жерлестеріміз өз алаңында «ALMATY»-мен ойнайды. Бұл команда үздік үштікте екенін айта кеткен жөн.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp