
Мемлекет басшысы Әнұранды балконнан бірге шырқаған тұрғындар бастамасына қолдау білдірді.
«Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. Оның айтуынша, елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы – Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. «Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық», – деді ол.
https://www.inform.kz