«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘН-БИІМЕН КӨҢІЛДЕРДІ КӨРКЕЙТКЕН

“Кентрон” армян мәдени орталығы 1997 жылы құрылды. Содан бері орталық армян мәдениетін дамыту мен танымал ету мақсатында тынбай еңбектенуде. “Кентрон” орталығының бір ерекшелігі – олар армян халқының дәстүрлі мерекесі “Терендез” бен жалпыұлттық Наурыз мейрамдарында, Балаларды қорғау және Қазақстан халқының бірлігі күндеріне орай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған Балалар мен сәбилер үйлерінің балғындарына арнап әртүрлі қайырымдылық шараларын өткізеді.

Петропавлдағы Қарттар үйіндегі қамкөңіл жандар да олардың есінен әсте шыққан емес. Сондай шаралардың бірі – әсемдік мейрамы. Ол мереке Арменияда әйелдер, аналар, әдемілік пен көктем мейрамы ретінде тойланады. Мереке барысында армян авторлары шығармаларымен қатар, қазақтардың да әндері мен билері шеберлікпен орындалды. Қарттар үйінде тұрып жатқан барлық ардагерлерге сыйлықтар таратылды.  

“Кентрон” мәдени орталығының Асмика Манукян, Елена Аракелова, Серпуи Мхоян, Нелля Адамян, Елена Петросян, Аракси Мартиросян, Гаянэ Мартиросян, Лариса Агаджанян, Армен Алексанян, Рузана Давтян, Инна Бабкина, Нона Джанунц, Рита Папян, Вартуи Мартиросян, Рита Саркисян, Грета Беглярова, Гехецик Сакунц сынды белсенділері осындай шаралардың бел ортасында жүреді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp