
Кезінде өңірімізге танымал азамат Николай Жигалов негізін қалаған “ЖНВ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Мағжан Жұмабаев ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі. Серіктестік бүгінде алты елді мекеннің 30 мың гектар жерін пайдаланып, 500-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр. Солардың қатарында шаруашылықтың №4 бөлімшесінде еңбек ететін Ризабек Нұғыманов та бар. Ол бүгінде серіктестіктің Лебяжье ауылдық округіндегі егінді жинауға қатысуда.
– Мен бұл агроқұрылымда 16 жылдан бері еңбек етіп келемін. Техниканың дамыған заманы ғой. Заманауи техникалар еңбекті әлдеқайда жеңілдетті. Осыған дейін отырған комбайндарыма қарағанда бүгінгі “Есіл-750”-дің артықшылықтары көп. Астықты ысырапсыз, уақтылы жинап алуға мүмкіндігіміз мол, – дейді білікті механизатор.
Талғат ТӘНІБАЕВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген автор.