«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әркімнің парызы

Қазақстан халқы тілдері күніне орай “ЕС-164/1” мекемесі қызметкерлерінің арасында еліміз бен тіліміздің мәртебесін арттыруға арналған “Тіл – ел байлығы” атты “дөңгелек үстел” өткізілді.

“Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі”, – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі болуы керек.

“Дөңгелек үстел” басында қызметкерлер мемлекеттік тіл және әр халықтың ана тілі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Мемлекеттік тілге деген құрметтерін очерк, эссе жазу, өлең оқу, ән айту арқылы көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.

Қызметкерлер арасында ұйымдастырылып, өткізіліп тұратын түрлі конкурстар, спорттық сайыстар, шығармашылық және мерекелік байқаулар барысында олар өздерінің “сегіз қырлы, бір сырлы” мамандар екенін үнемі көрсетіп жүр. Бұл жолы да “ЕС-164/1” мекемесінің әрбір қызметкері мемлекеттік тілді білу азаматтық парызы ғана емес, ұлтқа деген құрметті де білдіріп, этностар арасын жақындастыра түсетінін дәлелдеді. Сондықтан олар ұлтымызды ұлықтап, мәдениетімізді құрметтеп, мемлекеттік тілді меңгеруді өздерінің парызы санайды.

Диана САДВАКАСОВА,

“ЕС-164/1” мекемесінің

қазақ тілі пәнінің оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp